Бес күнге созылған жылдың ең ауқымды жобасы өз мәресіне жетті
Әсіресе, «Атом әлемі» павильоны көпшіліктің ерекше назарына ілікті. Павильон энергетика көшесінде орналасқан. Бұл жерде фестиваль қонақтары АЭС макетімен таныса алды.
Осы аталған «Атом әлемі» павильонын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Президент кеңесшісі Тамара Дүйсенова, ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев және ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенатының депутаты арнайы аралап көрді.
Олар атом саласына білікті кадрларды даярлаудың маңыздылығын атап өтіп, атом энергетикасының ел болашағындағы рөлін талқылады. Фестиваль аясында мектеп оқушылары мен студенттер және жалпы қатысушылар үшін бірқатар танымдық әрі пайдалы іс-шаралар ұйымдастырылды.
Солардың бірі – фестиваль үшін ҚАЭС-тің арнайы жазған «Бейбіт атом» әнін орындаған мектеп оқушылардың музыкалық қойылымы көптің жылы ықыласына ие болды. Оқушылар өз қолдарымен атом бейнесін жасады. Сонымен қатар, фестиваль барысында атом саласына кадр дайындау тақырыбында панельді сессия ұйымдастырылды. Онда ҚАЭС Бас директоры Тимур Жантикин сөз сөйледі.
Қонақтар үшін атом энергетикасы бойынша сұрақтарға жауап беріп, сыйлықтар ұтып алу мүмкіндігін беретін «Фортуна дөңгелегі» интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылды.
Одан бөлек, «Болашақ еңбек адамдарының қолында» және «Болашақ энергиядан басталады» атты ҚАЭС компаниясы арнайы әзірлеген бейнеролик көпшілік назарына ұсынылды. Онда АЭС-тің 2025 жылға қарай 10 мың жұмыс орынын ашатыны туралы айтылған.
Сондай-ақ, қатысушылар компанияда жұмыс істеу мүмкіндіктері туралы HR мамандары ұйымдастырған, бос жұмыс орындары жәрмеңкесін де қатысты.