Қазақстан колледждері атом энергетикасы, дрон құрастыру бойынша мамандар даярлай бастайды
Министрліктің мәліметінше, 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап колледждердегі жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі екі есе артады. Қазіргі уақытта 518 кәсіпорын колледждерге қамқорлық көрсетіп отыр, ал болашақта олардың санын 4 мыңға дейін жеткізу көзделуде.
Сонымен қатар, Астанада техникалық және кәсіптік білім беру студенттерін қолдау және дамыту мақсатында Ұлттық құзыреттілік орталығы құрылатыны атап өтілді,-деп хабарлайды Dalanews.kz