«ҚАЭС» ЖШС қызметкерлерінен құралған команда алғашқы қысқы Олимпиадаға қатысып, медальмен марапатталды
Шараның ресми ашылуы «Барыс арена» спорт кешенінде өтті.
Спартакиаданың екінші күнінде «ҚАЭС» ЖШС командасы шаңғы жарысына қатысты.
«ҚАЭС» ЖШС командасы шаңғы жарысында тамаша нәтиже көрсетті: ерлер арасында Күрделі құрылыс жөніндегі департаментінің жетекші инженері Әлімжан Жаңбырбаев 2,5 км, ал әйелдер арасында Адам ресурстарын басқару департаментінің бас маманы Айнагүл Бекетаева 1 км қашықтықты еңсерді.
Сонымен қатар, спартакиада аясында қардан мүсін жасау конкурсы да жоспарланған болатын. Аталған шараға да ҚАЭС ұжымы белсенді қатысты.
Спорт — денсаулық кепілі. Өз кезегінде мұндай іс-шара компания қызметкерлерін әрі ынталандыру, әрі салауатты өмір салтын ұстануға әкелетін кешенді шара екені сөзсіз. Сондай-ақ, ұжым қызметкерлерінің бір-бірімен танысуға, өзара коммуникация және тәжірибе алмасуына жақсы мүмкіндік.