Меню KDT

Жаңалықтар

КАЭС жаңалықтары мен оқиғалары

«ҚАЭС» ЖШС Қаржы, экономика және инвестициялар директоры Айзада Үмбетқызы Аққайсиева «AMANAT» партиясының қатарына қосылды.

1741061689674884.jpeg

Айзада Үмбетқызы Аққайсиева – мемлекеттік және ірі корпоративтік құрылымдарда 30 жылдан астам тәжірибесі бар экономика және қаржы саласының белді сарапшысы.

Әріптесіміз И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай және газ академиясын «Мұнай-газ өнеркәсібінің экономикасы және ұйымдастырылуы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Айзада Үмбетқызы алғашқы еңбек жолын ҚР Экономика және сауда министрлігінде, «ҚазМұнайГаз» ҰК, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және т.б халықаралық компанияларда ел үшін маңызды қызметтер атқарды.

Айзада Үмбетқызы қоғамдық және ғылыми қызметте де белсенді:

ҚР Ұлттық инженерлік академиясының вице-президенті және Kazenergy Әйелдер энергетикалық клубының төрайымы. Экономика ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі.

 

Қазақстан экономикасы мен энергетикасын дамытуға қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденімен марапатталған.

Айзада Үмбетқызының ресми түрде «AMANAT» партиясы қатарына қосылуы ел экономикасын дамытуға және елдің стратегиялық бастамаларын қолдауға деген ұмтылысын айқындайды. Себебі, партия халық сұранысына алғашқылардың бірі болып үн қатып, әлеуметтік мәселелерді шешеді. Мемлекеттік бастамаларды түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Ендеше, барша әріптестеріміздің атынан құттықтауымызды қабыл алыңыз.

Ел игілі үшін атқарып жатқан ерен еңбегіңіз еленіп, жұмысыңыз жемісті болсын. Абырой биігінен көрініңіз!