Меню KDT

Жаңалықтар

КАЭС жаңалықтары мен оқиғалары

Астанада Қазақстандағы атом бағдарламасының дамуына арналған халықаралық семинар өтуде.

1741072669986446.jpeg

Семинар қатысушыларына ҚР Энергетика министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры Ғұмар Сергазин алғы сөз арнап, Қазақстандағы ядролық кластердің дамуының маңыздылығын атап өтті. Тиімді және қауіпсіз атомдық бағдарламаны құру Қазақстанның энергетикалық тұрақты дамуы үшін аса маңызды деді.

«ҚАЭС» ЖШС Бас директоры Тимур Жантикин өз кезегінде Қазақстандағы атом электр стансасын салу жобасының қазіргі жағдайы туралы баяндап, жобаның іске асырылуы мен алдағы атқарар жұмыстар туралы айтты.

Сондай-ақ, семинарда атом энергетикасы саласындағы әлемдік үздік тәжірибелерге ерекше көңіл бөлінді. Халықаралық сарапшы Доминик Миниер қатысушыларға шет елдің тәжірибесімен бөлісіп, оны Қазақстанға бейімдеу жолдарын ұсынды, бұл өз кезегінде еліміздегі атом саласының қауіпсіздігі мен тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Айта кетсек, семинарға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Энергетика министрлігінің, «Ұлттық ядролық орталығы» РМК, «Ядролық физика институты» РМК, «Самұрық-Қазына» АҚ, «KEGOC» АҚ және атом энергетикасы саласындағы басқа да маңызды ұйымдардың өкілдері қатысуда.

Айта кетсек, семинар бүгін кешке дейін жалғасады, Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту жолындағы маңызды қадам болып табылады.