Қытайдың China National Nuclear Corporation (CNNC) компаниясының Қазақстанға жұмыс сапары аясында «ҚАЭС» ЖШС мен CNNC компаниясының өкілдері кездесті.
Қытайдың China National Nuclear Corporation (CNNC) компаниясының Қазақстанға жұмыс сапары аясында «ҚАЭС» ЖШС мен CNNC компаниясының өкілдері кездесті.
Тараптар Қазақстан Республикасында АЭС салу жобасын іске асыру бойынша ынтымақтастық мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады. Негізгі назар құрылыс алаңын таңдау, жобаның қаржыландыруы, логистикасы, сондай-ақ жабдықтарды жеткізу мен монтаждау сияқты маңызды аспектілерге аударылды.
Талқылау барысында тараптар жобаның барлық кезеңдерінің дәлдігі мен уақтылы орындалуының маңыздылығын атап өтті, бұл оны табысты іске асырудың кепілі болып табылады.
Атом энергетикасы саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі CNNС компаниясымен серіктестік Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар және елдегі атом энергетикасын дамытудың маңызды кезеңі бола алады.
Тараптар жоғары деңгейдегі өзара түсіністікті атап өтіп, болашақта ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша белсенді жұмыстарын жалғастыруға келісімге келді.