25 сәуірде "ҚАЭС" ЖШС өкілдерінің CNOS қытай корпорациясының жаңа басшылығымен және Eximbank өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.
Келіссөздер барысында Қазақстан Республикасында атом электр станциясын салу жобасы шеңберінде әріптестік қатынастарды орнатуға және ынтымақтастық перспективаларын талқылауға басты назар аударылды.
Тараптар энергетика саласындағы стратегиялық жобаларды іске асыруға, технологиялық алмасуды дамытуға және инвестициялар тартуға өзара мүдделілік білдірді. Кездесу сындарлы және ашық атмосферада өтіп, атом энергетикасы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам болды.