2 мамыр күні FIRST халықаралық бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы ынтымақтастықты талқылауға арналған онлайн кездесу өтті.
Қазақстан тарапынан Атом энергетикасы агенттігі төрағасының орынбасарлары Тимур Жантикин мен Әсет Махамбетов құттықтау сөз сөйледі.
«ҚАЭС» ЖШС жетекші инженері Асуан Сиябеков «Көміртексіз энергетикалық кешен» тақырыбында баяндама жасап, Қазақстан энергетикасы үшін шағын модульдік реакторлардың (ШМР) әлеуетін атап өтті.
АҚШ тарапынан кездесуге Мемлекеттік департамент, Қазақстандағы АҚШ елшілігі және Sargent & Lundy компаниясының өкілдері қатысты.
Жоба болашақта қауіпсіз, экологиялық таза және энергетикалық тәуелсіз инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар АҚШ делегациясының ағымдағы жылдың жазында Қазақстанға жұмыс сапарымен келуі туралы келісімге келді.