Меню KDT

Жаңалықтар

КАЭС жаңалықтары мен оқиғалары

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) өкілдерімен ұлттық жобаларды жүзеге асыру барысын талқылауға арналған жұмыс кездесуі өтті

1750229294588974.jpeg

Кездесуді Агенттік Төрағасының орынбасары Ғұмар Серғазин жүргізді. Тараптар өзара іс-қимылдың стратегиялық аспектілерін, қолданыстағы бағдарламаларды қолдау және әріптестікті одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

 

Сонымен қатар, іс-шараға Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС өкілдері қатысты.

 

Кездесу қорытындысы бойынша АЭХА-ның Қазақстан Республикасы бойынша техникалық ынтымақтастық бағдарламалары жөніндегі жетекшісі Сибель Унлу атап өтті:

«Жылы қабылдау мен кәсіби ашық диалог үшін шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз. Қазақстан АЭХА-ның сенімді серіктесі болып қала береді және біз атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы тұрақты ынтымақтастығымызды жоғары бағалаймыз».

 

Тараптар өзара сенімді нығайтуға және басым бағыттар бойынша бірлескен бастамаларды кеңейтуге дайын екендіктерін растады.