ҚАЭС пен АЭХА атом электр станциясын салуға тәжірибелік дайындық мәселелерін талқылады
«ҚАЭС» ЖШС-нің Бас директоры Ернат Бердіғұлов Вена қаласында өткен МАГАТЭ-нің 69-шы Бас конференциясына Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев бастаған Қазақстан делегациясының құрамындақатысты.
Конференция аясында делегация мүшелері ядролық саладағы жетекші халықаралық ұйымдармен компаниялардың өкілдерімен бірқатарекіжақты кездесулер өткізді.
Атап айтқанда, АЭХА бас директоры Рафаэль Гросси, агенттіктің бас директорының орынбасары Михаил Чудаков, EDF директорлар кеңесінің төрағасы Бернар Фонтана, World Nuclear Exhibition президенті Сильвия Берманн және энергетика мен дипломатиялыққауымдастықтың басқа да өкілдерімен келіссөздержүргізілді.
Сондай-ақ Ернат Бердіғұлов АЭХА-ның Қазақстанмен техникалық ынтымақтастық бағдарламаларына жауапты жетекшісі СибельУнлумен кездесу өткізді.
Кездесу барысында атом электр станциясынсалуға дайындық және техникалық ынтымақтастық жобаларын іске асыру мәселелері қаралды. Тараптар сондай-ақ Қазақстанда АЭХА тарапынан ұйымдастырылатын мамандандырылған семинарлар, АЭХА-ның міндетті миссияларын(INIR, IRRS және т.б.) өткізу, сондай-аққазақстандық мамандарға арналған оқыту жәнетағылымдамадан өту бағдарламаларыныңмаңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар АЭХА тарапынан көрсетілетін сараптамалық жәнетехникалық қолдау түрлері, сондай-ақ Қазақстанның көршілес елдер алдындағы Агенттік талаптарына сәйкес халықаралық міндеттемелері талқыланды.
Ернат Бердіғұловтың айтуынша, АЭХА-мен ынтымақтастық еліміз үшін стратегиялық маңызғаие. Бұл ынтымақтастық негізгі жобаларды жүзеге асыруға қажетті қолдауды қамтамасыз етіп, атом энергетикасы саласындағы қазақстандық мамандардың жаңа буынын даярлауға тұрақты негіз қалыптастырады.
«Алдағы уақытта біз АЭХА-мен бірлесіп, атом электр станцияларының болашақ иелері мен операторларының жауапкершіліктеріне, сондай-ақ Қазақстанда атом энергетикасын дамыту үшін кадрлар даярлау мәселелеріне арналған бірқатар техникалық семинарлар өткізуді жоспарлап отырмыз. Мұндай келіссөздер халықаралық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашаотырып, атом энергетикасының болашағынайқындайтын және жаһандық қауіпсіздікке үлесқосатын ортақ шешімдер қабылдауға жол ашады», – деп атап өтті Ернат Бердіғұлов.