Меню KDT

Жаңалықтар

КАЭС жаңалықтары мен оқиғалары

Қазақстан атом саласының 80 жылдығын атап өтуде

1760701074292023.jpg

Алматы қаласында Қазақстанның атом саласына 80 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті.
Мерейтойлық іс-шараға мемлекеттікоргандардың, халықаралық ұйымдардың, ғылымиорта мен бизнес өкілдері, сондай-ақ атом энергетикасының ардагерлері қатысты. Бұл басқосусаланың даму тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі ретінде есте қалмақ.
Жиынды ашқан «Қазақстанның Ядролық Қоғамы» қауымдастығының президенті Владимир Школьник атом энергетикасының ел болашағыүшін маңызын атап өтіп, осы саланың іргетасынқалаған отандық ғалымдар мен мамандардың, ардагерлердің еңбегіне жоғары баға берді.
Сондай-ақ жиында «ҚАЭС» ЖШС жоба жетекшісі Жомарт Жасанов құттықтау сөз сөйледі. Ол Қазақстандағы алғашқы атом электрстанциясының салынуының нақты іске көшіп жатқанын айтып, бұл жобаның еліміздің технологиялық жетілуі мен энергетикалық тәуелсіздігінің символына айналатынын жеткізді. «Біз 80 жылда жинақталған атом ғылымының мұрасын сақтап қана қоймай, оны жаңа деңгейгекөтеріп, еліміздің тұрақты дамуына серпін беретінжаңа саланы қалыптастырып жатырмыз», – дедіЖасанов. Оның айтуынша, қазіргі уақытта жобаныңкелесі кезеңіне – техникалық жобалаужұмыстарына, өндірістік және кадрлық әлеуетті қалыптастыруға дайындық жүріп жатыр.
Шараға шетелдік қонақтар да қатысты. Олардың қатарында Атом энергетикасы жәнеөнеркәсібі ардагерлерінің өңіраралық қоғамдық қозғалысы, Қырғыз Республикасының Атом энергетикасы ардагерлері одағы, Тәжікстанның ардагер ұйымдары, Ресейдің Ядролық қоғамы және Ұлттық ядролық зерттеу университетінің өкілдері бар. Спикерлер өз сөздерінде Қазақстан энергетикасы даму жолындағы шешуші кезеңде тұрғанын атап өтті. Атом саласының тарихындаталай белестер мен қиындықтар болғанымен, бүгінде ел алдында қауіпсіз, заманауи және технологиялық тұрғыдан тұрақты энергетикалық жүйе құру міндеті тұр.
Сондай-ақ Қазақстан уран өндіру көлемібойынша әлемдік көшбасшы ретінде және бейбіт атомды дамытуға бағытталған ғылыми зерттеулер арқылы жаһандық энергетикалық қауіпсіздіктінығайтуға өз үлесін қосып келе жатқаны да айтылды.