Меню KDT

Жаңалықтар

КАЭС жаңалықтары мен оқиғалары

Қазақстандағы АЭС үшін халықаралық тәжірибені қолдану мүмкіндіктері Framatome француз компаниясымен талқыланды

1766155447580737.jpg

Бүгін «ҚАЭС» ЖШС мен Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің басшылығы Францияның Framatome компаниясының өкілдерімен Қазақстан Республикасында атом электр станциялары жобаларын іске асыру шеңберіндегі ынтымақтастық мүмкіндіктеріне арналған жұмыс кездесуін өткізді.

Framatome - EDF компаниясының еншілес ұйымы әрі атом энергетикасы саласындағы халықаралық көшбасшы болып табылады. Компания атом электр станцияларының энергоблоктарына арналған жабдықтар мен басқару және қорғау жүйелерін әзірлеу және енгізуге маманданған.

Кездесу барысында француз тарапы қуаты жоғары атом электр станцияларына арналған жабдықтарды жобалау, өндіру және интеграциялау саласындағы өз құзыреттерін таныстырды. Сондай-ақ станцияның қауіпсіздігі мен жұмыс тиімділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін заманауи басқару және қорғау жүйелеріне (I&C) ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты дамытуға мүдделіліктерін растады және Қазақстанның атом саласын дамытудың стратегиялық міндеттерін ескере отырып, ынтымақтастықты одан әрі пысықтау туралы уағдаласты.